16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

🔷 Президент тапсырмасына сәйкес биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.
🔷 Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.
🔷 Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар. «Шымкентте соңғы төрт-бес жылдықтарда құрылыс қарқыны артып, баспанамен қамтуда республикада көш басында келе жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. 2024 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, осал топтатағылар мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 324 арендалық пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта арендалық тұрғын үймен түрлі санаттағы 279 азамат қамтылып отыр. Заңдық тұрғыдан қарағанда пәтерді жалға беру, жалпы, айтарлықтай операция емес. Осындай мәмілені жасасу үшін әлеуетті тұрғын ғимараттың жалға берушінің атына дәл жазылғанына көз жеткізуі тиіс, басқа сөзбен айтқанда, нағыз меншік иесімен іс-әрекет жүргізіп жатқанын анық, айқын білуі керек, өз кезегінде, болашақ тұрғынның жеке куәлігін тексерген артық болмайды. Тек осы рәсімдерден кейін ғана тараптардың жалдау туралы шартқа сенімді түрде қол қоюларына болады.   Жыл соңына дейін қалған 45 азамат қамтылатын болады. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға қосымша жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, әлсіз топтарға жалпы саны 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде», — деді басқарма басшысы.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АРТ-КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ

smarttop

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БАСТАЛДЫ

smarttop

ӨМІРДЕ ШАЛЫС БАСҚАНДАРДЫ ҚАЙТА ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру