16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Шымкент қаласындағы шаралар жалғасуда. Құзырлы департамент жанынан құрылған мобильді топ «Mega Planet» сауда орталығында қала тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетті.
Адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің қатысуымен өткен жиында кеңес сұраған халықтың саны көп.
Іс-шараның мақсаты да осы еді. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат жауапты мамандардан қажетті құқықтық көмек ала алады. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады деген ұйымдастырушылар, бұл кеңес берумен ғана шектелмейтінін айтты. Тұрғындардың салауы бойынша орын алған мәселеде оң нәтижеге қол жеткізгенге дейін жұмыс барысы жалғаспақ. Ал бұл өз кезегінде әрбір қала тұрғынының құқықтық сауаттылығын арттырады деген сенім бар. Заң кеңесшілері палатасының атқарушы директоры Жібек Хамитованың айтуынша, Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ден астам заңгер палата мүшесі. Олар тұрғындарға кеңес берумен қатар, сотта мүддесін қорғауға дайын. Жоба бойынша келіп түскен өтініштің көбісі азаматтық істер екен, көп жағдайда адамдар мемлекеттен алатын қаржылай көмек, ажырасу немесе жалақыға қатысты мәселелерге шағымданады. Мысалға, Атырау облысының аудандарының бірінде атаулы әлеуметтік көмекті дұрыс есептемегені туралы бірнеше көп балалы анадан өтініш келген. Заңгерлердің қайта есептеу туралы ұсыныстарына ауданда жауап болмаған соң, олар мәселені облыстық деңгейде шешуге тырысқан. Нәтижесінде, АӘК мөлшері қайта есептеліп, тиісті қаражатты ала алмай келген тұрғын­дар оң нәтижеге қол жеткізген. Бұл келіп түс­кен 20 мың өтініштің біреуі ғана, осы секілді 18 мың іс оң шешілген.
Айта кету керек, бұндай шаралар жыл басынан бері екінші рет ұйымдастырылған. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізу жоспарланбақ.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ ЕКІ КАНАЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ӨШЕТІНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

smarttop

БАЛАБАҚША — БІЛІМНІҢ БАСПАЛДАҒЫ

smarttop

Пікір қалдыру