13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Президент тапсырмасына сәйкес биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.
«Шымкентте соңғы төрт-бес жылдықтарда құрылыс қарқыны артып, баспанамен қамтуда республикада көш басында келе жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. 2023 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, осал топтатағылар мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 324 арендалық пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта арендалық тұрғын үймен түрлі санаттағы 279 азамат қамтылып отыр. Жыл соңына дейін қалған 45 азамат қамтылатын болады. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға қосымша жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, әлсіз топтарға жалпы саны 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде», — деді басқарма басшысы.
Спикердің айтуынша, жыл басында кредиттік негізде 1886 пәтерді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 1249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Олар, «5-20-25» 701 пәтер, «2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» («5-10-20») бағдараламысы 62 пәтер. 2023 жылдың соңына дейін жаңа концепциямен «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар қамтылатын болады.
Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.
Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ПІКІР АЛМАСТЫ

smarttop

Президент Атыраудағы Ұлттық құрылтайда не айтты?

smarttop

ШЕЖІРЕ КҮНІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру