13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БАДАМНЫҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» акциясы Бадам өзенінің бойын тазалаумен жалғасты. Бүгінгі жиынға 15 техника мен 150 адам жұмылдырылған. Тұрған ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен қала тұрғындары, ардагерлер және белсенді жастар қатысқан шара жоғары деңгейде өтті.
Жағалай шашылған қоқыстарды жинауға жастар ерекше атсалысты. Қураған шөптерді ору, ағаштарды әктеу, сырлау сияқты жұмыстар атқарылды. Тұран ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлының айтуынша, осыдан бірнеше апта бұрын «Бадам» өзенінің жағалауы толықтай тазаланыпты. Дегенмен бұл өзен жағасында халық көп шоғырланған. Кейбір тұрғындар қоқыс қалдықтарын арнайы орындарға тастамай, бей-берекет лақтыратын көрінеді. Ендігі уақытта тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтиже шығады деп күтілуде.
Акция басталғалы біршама игі істің басы-қасында жүрген ардагерлер бүгінде тазалық жұмыстарына қатысып, жастапға үлгі-өнеге көрсетті. Жыл соңына дейін жалғасатын экологиялық акция көпшілікке оң өзгеріс сыйлайды деп сенеміз.

«Орталық саябақ» қала тұрғындары үшін ерекше демалыс орындарының бірі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында саябаққа жұмысшылар тобы жұлдырылып тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жиынға қала тұрғындары да өз үлестерін қосты. Жалпы 100 -ге жуық адам қатысты.
Саябақта күніге таңғы 8:00 ден бастап қызметкерлер тазалық жұмыстарына кіріседі. Қаламыздағы аумағы жағынан үлкен саябақтардың бірі болғандықтан, біз тазалықты мұқият қадағалаймыз. Көгалдандыру, гүлдер егу, шөп қырқу, ағаштарды әктеу сынды жұмыстар үшін уақыт күттірмейміз. Басты мақсатымыз демалушыларға таза әрі әдемі саябақты ұсыну. Егер демалыс орындары лас болса ол жерге келушілер қатары көп болмайды. Түскі уақыттың өзінде адамдар үзілмейді. Ал кешкі уақытта тұрғындар өте көп келеді. Серуендейді, спортпен айналысады. Жалпы отбасылық демалыстың көңілді өтуіне ең қолайлы мекен. Сондықтан саябақты таза ұстауға шақырамын,-дейді «Орталық саябақтың» қызметкері Марал Намазова.
Тазалық жұмыстарына «Эталон» ЖШС коммуналдық мекемесінің жұмысшылары және Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының көгалдандыру бөлімінің қызметкерлері де қатысты.

Ұқсас ақпараттар

СТАРТОВАЛ ФОРУМ «КАРАВАН МИЛОСЕРДИЯ» АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА

smarttop

БАЛАЛАР ЖАСЫНДАҒЫ АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру