4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕУІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетімен бірлесіп, Өзбекстан республикасы архивтерінің Қазақстан Республикасындағы күндері өтті. Айтулы дата аясында екі ел арасындағы тарихтың зерттелуі мен өзекті мәселелер талқыланды.
Ғылыми конференция Қазақстан мен Өзбекстан тарихының ғылыми еңбектерін таныстырумен басталды.»Болашақта тарихи жадының тасымалдаушысы болатын жастардың тарихи ескерткіштердің рөлін нақты түсінетінін және оларды сақтаудың маңыздылығын көрсететін қорытындылар алынды», — делінген хабарламада.Тарихты зерттеу мемлекетке өзін түсінуге және қателіктердің қайталануын болдырмауға, ұлттық құндылықтарды нығайтуға және дағдарыстарды жеңуге көмектесетіні дәлелденді.Мәдениет басқармасы ұйымдастырған аталмыш көрмеде екі ел ғалымдарының жылдар бойы жүргізген қазба жұмыстарынан тапқан құнды жәдігерлері мен еңбектері қойылған.Тату көршілік пен өзара құрмет қағидаттары – шығыс халықтарының ежелден ерекше белгісі. Сол тұрғыда әуелден қалыптасқан Қазақстан – Өзбек­стан достық қарым-қатынастары Орта­лық Азия елдері үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін де жақсы үлгі. Әр ұлттың көршілес ұлттармен тату-тәтті өмір сүруі – әрі ұлттық, әрі жал­пы­адам­заттық құндылық, ортақ жауап­­кершілік.
Жиынның өткізілуіне қала әкімдігі тікелей мұрындық болып, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып мұндай конференциялардың маңыздылығын атап өтті, айта кетейік жиын барысында көршілес мемлекеттен келген мамандар екі елдің бірігіп жұмыс жасауының маңызды тұстарына тоқталды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ЕМХАНАЛАРЫНА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

smarttop

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ  ДӘСТҮРЛІ ДІН ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру