4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 214 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

🔷 Қалада 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп,бизнес-идеяларын ұсынған. 4-11 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды. Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз қаражат алуға өтінімдер электронды форматта қабылданды. Бұл қолдауға еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түсті. Қатысушылардың жұмыссыздыққа тіркелген немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек. Сонымен қоса, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуы шарт.

🔷 Комиссия өкілдері бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне назар аударды. Комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 25-і мал және құс шаруашылығын, 52 –сі қызмет көрсету, 34 кондитер және нан өнімдері, 41 тігін саласын, 16 жартылай фабрикат өнімдерін, 3 — жиһаз өндірісін, 35 өндіріс саласын, 8 тамақ өнеркәсібін қамтыды.
Комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылып, қала тұрғындары жұмыс барысына қоғамдық бақылау жасады.

🔷 Қазір грант иегерлерімен келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілуда. Бұл қолдау тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға, өнім өндіруге берілмейді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БҰХАР БҰҒЫЛАРЫНЫҢ САНЫ 200-ДЕН АСТЫ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҮШІН АУЫЗСУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

smarttop

Пікір қалдыру