3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН КҮРЕТАМЫР ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 Тәшкен-Алматы бағытындағы қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын 6 жолақты етіп қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 31 шақырым, жол құрылыс жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылуда. Кез келген ел экономикасының күретамыры жол екені дәлелдеуді қажет етпейтін анықтама. Жол құрылысы, жолдардың күрделі жөндеуден өтуі әсіресе, Қазақстан секілді мұхитқа шыға алмайтын елдер үшін өте маңызды. Осы маңыздылықта мемлекет жақсы түсінеді әрі әркез жол құрылысына жіті көңіл бөліп келеді. Сол үшін де «Нұрлы жол» арнайы бағдарламасы қабылданғаны мәлім. Жол мәселесі президенттің назарынан тыс қалмайтын мәселенің бірі.

Маңызды мереке қарсаңында егеменді еліміз үшін табысты жылдарға негіз болған көрсеткіштерге тоқталмай тұра алмаймыз. Соның ішінде Мемлекет басшысы ерекше басымдық беріп отырған еліміздің көліктік логистика саласының жетістіктері жайлы сөз еткенде республиканың транзиттік-логистикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының қуатты дамуын ерекше атап өткен жөн. Бұл – ең алдымен отандық теміржол саласының лайықты даму нәтижесінде қол жеткізген жетістік дей аламыз. Өйткені, теміржол саласы ежелден ел экономикасында шешуші рөл атқарады.

Бүгінде Қазақстан – халықаралық мойындауға ие болып қана қоймай, әлемдік қоғамдастыққа сәтті кірігіп, жыл сайын ел экономикасын нығайта отырып, халықаралық транзит үшін басты бағдарға айналған ел. Ал отандық темір жол егеменді мемлекеттің қалыптасуына елеулі үлес қосып, оның табысты дамуына берік негіз болды.

🔷 Бүгінде Төлеметов көшесінен бастап Бадам өзеніне дейінгі аралық — 1-4 кезеңдердің құрылыс жұмыстары аяқталған. 5-8 кезеңдері бойынша реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған.

🔷 А-2 автомобиль жолының Тәшкен трассасы мен Бадам өзені үстіндегі көпірге дейінгі аралықтың жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан арыздар түсуіне байланысты бүгінде осы аралықта қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН АУДАНЫНДА 11 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

smarttop

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

smarttop

*Шымкенттіктер автокөлікті сатып алу-сату шартын МХҚКО-да тіркей алады*

smarttop

Пікір қалдыру