13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі уақытта, Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Қала аумағында санитарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер, аяқ жолдар, ирригациялық жүйе, канал мен арық тазалануда. Сонымен қатар, ағаштарды ақтау мен санитарлық кесу, шөп ору, көшелерді жуу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс-шараларға 190 мыңнан аса адам,
2100 ден өндірістік пен кәсіпкерлік нысан, 681 әлеуметтік нысан қатысты, 9157 бірлік техника жұмылдырылды. Науқан барысында 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырымнан астам аяқ жол, 724 шақырымнан астам ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланып, нәтижесінде 9 мыңнан тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, аяқ жолдарды реттеу, сырлау, жол жиектерін жуу мен тазалау жүргізілді. Қазіргі уақытта, қала аумағында көгалдандыру, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары бекітілген іс-шаралар өткізу жоспарына сәйкес күнделікті атқарылуда. Аталған жұмыстарға күнделікті 2000-нан аса жұмысшы, 150 арнайы техника жұмылдырылады. Қала тұрғындары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері және ерікті жастар белсене атсалысуда.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мердігер мекемелер тарапынан көшелерді тазалауға 50 адамнан тұратын бригадалар құрылып, халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамалардың, жол жиектерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын күнделікті атқаруда.
Бүгінгі таңда, мердігер мекемелер қала аумағындағы қылқан жапырақты ағаштарды жәндіктерге қарсы арнайы препараттармен дәрілеу, жай жапырақты ағаштарды әктеу және арнайы пішін (формовка) беру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
2025 жылға дейін Шымкент қаласында жасыл аймақты 21544 га дейін ұлғайту жоспарланған. Онда 6,5 млн. дана ағаш-бұталар өсірілетін болады., дейді Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҰЛАҒАТТЫ КӘРІЗБЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТА 7 ЖОБА ҚАРАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУШЫЛАРҒА ТАПСЫРЫС САНЫ 40 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

smarttop

Пікір қалдыру