37.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

АБАЙҒА АРНАУ АРНАҒАН ПОЛИЦЕЙ — ДӘУЛЕТ

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абайдың теңіздей терең поэзия арқылы халқына қалдырған өсиетінен ішкі істер органдары қызметкерлерінің де алар тәлімі мол екенін байқауға болады. Түркістан облысы Созақ ауданының учаскелік полиция инспекторы Уали Дәулет Ерғалиұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқи отырып, жыр алыбына деген өз арнауын жеткізді.

Полицей Дәулет Ерғалиұлы 1996 жылы Созақ ауданы Құмкент ауылында дүниеге келген. Оның поэзияға деген құштарлығы мектеп қабырғасынан басталып, түрлі тақырыпқа қалам тербеп, өлең жаза бастайды. Өз кезегінде ол Абай мен Мұқағали оқуларына қатысып, жүлдерлі орындарға ие болады. 2015 жылы Қостанай қаласындағы Ш.Қабылбеков атындағы академияға оқуға түсіп, полицей мамандығын игеріп шығады.

Өз ортасында сыйлы, қызметте беделді Дәулет ішкі істер саласында 5 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Қызметімен қатар поэзияны жанына серік еткен Дәулетке қаламың мұқалмасын және заң талаптарының орындалуына қосар үлесің мол болсын деп тілек білдіреміз!

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: «СЕРПІНГЕ» СЕРПІЛІС КЕРЕК

smarttop

Интернет-алаяқтар тобы Қазақстанның екі қаласында ұсталды

smarttop

Полицейлер «Балаларды қорғау» күніне орай кіші футболдан турнир өткізді

smarttop

Пікір қалдыру