0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ АБЗАЛ ЖАН

Әрбір мамандықтың қиындығымен қатар қызықты тұсының болары анық. Еңбек адамының ерен еңбегі мен әрбір жетістігі елеусіз қалмауы тиіс. Әр үздік нәтиже мен қиын жұмыстың астарында бір адамның үздіксіз қызметі мен маңдай тері жатыр. Мамандықтар көп. Бүгін сөз ететініміз баршамыз күнделікті естіп, көріп жүрген мұғалім, дәрігер емес, әрдайым көмек сабында тұратын жедел жәрдем көлігін жүргізушісі Хайрат Ергебекұлы Сүйеубаев жайлы болмақ.
Шақырту түсе салысымен науқасқа баратын медициналық қызметкерлер де, оларды жеткізетін жүргуші де дайын болуы керек. Көлік сақадай сай, техникалық жай-күйі мен мекенжайға уақытында жетуі де жүргізушіге байланысты. Оған қоса рөлдегі адамның фельдшердің базалық жұмысынан хабардар болуы қажет. Шұғыл жағдайда фельдшерге көмек керек болса жүргізуші қол ұшын созады. Міне, бір жәдел жәрдем көлігінің жүргізушісіне артылған жауапкершілік зор.
Хайрат Ергебекұлы 1967жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. «Еңбектің наны тәтті» деген ұстанымы бар жігіт жұмыстан қашпайды. Әр түрлі жұмыс істеп жүріп, 1994 жылы жедел медициналық жәрдем көрсету станциясына жұмысқа тұрады. Міне содан бері жедел жәрдем көлігін айдайды. Отбасылы, 2 баласы бар.
– Жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмысқа орналасу оңай емес. Оларға қойылған талап жоғары. Жүргізуші болып орналасқысы келетіндер қатал іріктеуден өтеді. Олар жол қозғалысы ережелерін, қаланың әр көшесін жіті білулері қажет. Қазіргі уақытта барлық жүргізушілер фельдшерлердің базалық білімін жетік біледі. Арнайы курстардан өттік. Дәрігерлер де сабақ өтіп тұрады, – дейді Хайрат аға.
Үздік қызметкер ретінде әріптестері де жылы лебіздерін айтады. Олардың айтуынша Хайрат аға әрдайым жас мамандарға үлгі, тәжірибесімен бөлісіп, олардың еңбекке деген құштарлығын ашуға септігін тигізіп жүретін адал жан. «Жұмыс барысында білікті маман екендігін көрсетіп, қоғамдық жұмыстарда белсенді. Жұмыс барысында жедел жәрдем қызметін өркендеуіне қызмет көрсетуде. Ұжым арасында ерекшеленіп, елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан тәжірибелі жүргізуші» дейді әріптестері.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

2024-2028 ЖЫЛДАРҒА БОЛЖАМ: ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІНІҢ ӨСІМІ 4 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 25 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ

smarttop

10 АЙДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру