Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Шымкентте Жастар күніне орай «Еңбек — бәрін де жеңбек» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны қаладағы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» өткізді. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындарына сала жетекшілері қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі — жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің мақсаты жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту болып табылады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің мақсаты жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту болып табылады.

Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, ал жұмыс іздеушілер қысқа уақыт ішінде кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызығушылық танытқан бос жұмыс орындарды таңдай алады және таңдап алған бос лауазымға өту үшін әңгімелесуден өте алады.

Өңірде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері тұрақты негізде, оның ішінде онлайн форматта да өткізіледі.

Жәрмеңкеге 30-ға жуық мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындар қатысты. Атап айтқанда «Назар Текстиль» ЖШС, Болашақ колледжі, Қалалық перзентхана, «Гаухар» тігін фабрикасы, ЖШС «Alfa Med» , ЖШС «Bilim-Land» мектебі, ЖШС «Front line», ЖК «Бейсебаев» секілді мекемелер бар. Бұл шара жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту және олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАҒАН КҮН

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫНА ТҮСКЕ ДЕЙІН 150-ден АСТАМ АЗАМАТ КЕЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА 5 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру