5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШЫМКЕНТКЕ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірінші вице-министр денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар жөнінде баяндады.
Тимур Сұлтанғазиев кездесу барысында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін арттыру, дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесін жоғарылату, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту және кадр саясатын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мақсатында бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген.
Вице-министр Қазақстанда наурыз айынан бастап іске қосылған «Бір күндік клиника» жобасының Шымкент қаласындағы перинаталдық орталықта іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Жаңа жүйе жүкті әйелдерге ультрадыбыстық зерттеулерді бір күнде және бір жерде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл жоба медициналық қызмет көрсету процесін жеңілдетуге және тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын нығайту, кадр тапшылығын азайту үшін қосымша ынталандыру шараларын енгізу туралы айтты. Жиын барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жыл басынан бері және осы кезеңге дейінгі цифрландыру бағытындағы оң өзгерістер мен жұмыстарды баяндады.
Кездесуден кейін бірінші вице-министр жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифингін өткізіп, МӘМС жүйесін жақсарту, емханаларды медициналық техникамен жабдықтау, кезектер санын азайту сынды мәселелер бойынша сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдап, олардың денсаулық сақтау саласындағы мәселелерін тыңдады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕР МАҢЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

smarttop

ПОЛИЦЕЙЛЕР АТЫРАУЛЫҚ ҚАЛТА ҰРЫСЫН ҰСТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАНДЫҚТАР ЖОҒАЛҒАН БЕС ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАПТЫ

smarttop

Пікір қалдыру