16.3 C
Шымкент
Вторник, 17 сентября, 2024
Smarttop.kz

Суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарған полицейге «Алтын медаль» тағылды

Конституция күні қарсаңында суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарып қалған полицейге арнайы марапат берілді. Нақтырақ айтсақ, Полиция департаментіне Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, «Түркістан» газетінің редакторы Мәлік Дәулетов келіп, өз өмірін қатерге тіге отырып, ер адамды құтқарып қалған полицейге марапат ұсынды. Яғни Патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәулет Сағынбаевқа Қазақстан журналистер одағының алтын медалін табыстады.

Облыстық Журналистер одағының төрағасы М.Дәулетов өз сөзінде: «Ағымдағы жылдың сәуір айында Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынының өзенге түсіп кеткенін байқайды. Содан малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған. Осы сәтте патрульдеу қызметінде жүрген полицейлер бірден байқап, уақытында іске кірісіп, жағаға аман-есен алып шыққан деген ақпарат шығып, назарымызға ілінді.

Осы оқиғадағы көзсіз ерлікке барып, тұрғынның өмірін арашалап қалған полицей Дәулет Сағынбаевтың әрекетін жоғары бағаладық. Бұл кез келгеннің қолынан келмейтін ерлік деп білеміз. Сондықтан біздің мекеменің жылына 1 рет берілетін марапатын полицей бауырымызға бермекшісіз. Елдің алтындай ұлына «Алтын медаль» лайық!»-деп алғысын білдіріп, төсбелгіні тақты.

«Бейбіт күннің батыры» жобасы аясында үздік деп танылған инспектор Д.Сағынбаев, марапатқа лайық көрген жандарға алғысын білдіріп, барша қазақ елін Конституция күнімен құттықтады.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА 35,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

smarttop

«ОРДАБАСЫ» – ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

smarttop

«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ» ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

smarttop

Пікір қалдыру