5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Электр энергиясы, жылу және сумен жабдықтау тарифтерінің өсуі қарапайым тұтынушының қалтасына салмақ салмауға тиіс. Әрине, сапасы сын көтермейтін, уф деген желге жарықтың өшуі, қыс ауасында кейде тұрғындардың жылусыз қалуы туралы желіге аз жазылып жүрген жоқ. «Қыстың қамын жаз ойла»-дегендей қала әкімі шаһарды аралау барысында «Түркістан» шағынауданындағы кәріз жүйесінің құрылысымен танысып, тұрғындармен жол қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Жол белгілері мен бағдаршам орнату жөнінде пікір алмасып, мердігерлерге жұмыс сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударуды тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткенін айтып, «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшуді қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Сонымен қатар, Қаратау ауданындағы Н.Назарбеков көшесіндегі арық желісінің кеңейту жұмыстарын тексеріп, су басу қауіпін азайту мақсатында жүргізіліп жатқан жобалардың барысымен танысты. «Нұрсат-2» шағынауданындағы жылу желілерін ауыстыру және тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары да назардан тыс қалмады.

Қала басшысы жаяу аралау кезінде Д.Қонаев және Тәуке хан даңғылдары, Ғ.Иляев, М.Дулати, Ж.Тыныбаев, Қазыбек би көшелері мен Орталық саябақтың санитарлық жағдайын тексеріп, қосымша жарықтандыру, бейнекамера орнату және жасыл желекті күтіп ұстау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар

«Жастар тәжірибесі» жобасының басталуы

smarttop

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫНЫ ШЫМКЕНТ ҚОРЖЫНЫНДА

smarttop

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЕСКЕРТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру