2.3 C
Шымкент
Пятница, 15 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР НӘТИЖЕЛІ БОЛДЫ

Шомылу маусымы – жаз айларында тұрғындардың көпшілігі су қоймалары мен өзен-көлдерде демалуға шығатын уақыт. Бұл маусым кезінде қауіпсіздік шараларының маңыздылығы ерекше артады. Жыл сайын Шымкент қаласында шомылу маусымына байланысты арнайы дайындықтар жүргізіледі: суға шомылатын аймақтарда құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылады, ақпараттық жұмыстар жүргізіледі, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған арнайы судағы қауіпсіздік сабақтары өткізіледі.

2024 жылғы шомылу маусымының қорытындысы бойынша, Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қаракөзев Нұржан Нұрханұлы Шымкентте судағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қабылданған шаралар нәтижелі болғанын айтты. Жағажайларда құтқару қызметтері күшейтілді, бұл жазатайым оқиғалардың санын азайтуға көмектесті. Сонымен қатар, жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдар тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, суға шомылу ережелерін сақтау қажеттілігіне баса назар аударды. Нәтижесінде, өткен жылдармен салыстырғанда, судағы қайғылы оқиғалар саны едәуір төмендеген.

Қала әкімдігінің 2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы қаулысы аясында Ғ.Сыздықбековтың бекіткен іс-шаралар жоспары құзырлы мекемелерге жіберілді. Жоспар судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қамтиды.

Қазіргі уақытта қала аумағында 5 ресми су айдыны белгіленген, оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген: «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындары мен Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар, Дендрологиялық саябақ пен Жайлау көлдері спорт және туризм үшін арналған.

Қаланың су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қабылданған шаралар мен профилактикалық жұмыстардың нәтижелері қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕМДІК ОЛИМПИАДА ЖЕТІСТІГІ КЕЗДЕЙСОҚ ЕМЕС

smarttop

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

smarttop

АИТВ-ЖҰҚПАСЫНА ЖЕДЕЛ-ТЕСТ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІП, ДЕНСАУЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру