Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА 32 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Халықты жұмыспен қамтудағы негізгі мәселе – жұмыссыздық деңгейін төмендету. Осы мақсатта Шымкентте ауқымды жұмыстар жүруде. Мысалға, былтырғы жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, оған 73 984 адам қатысқан. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9% құраған.
Ал, осы жылдың басынан бері жұмыссыздык 4,8 пайызды құрап отыр. Биыл жұмыспен қамту шараларына 56 962 адамды қатыстыру көзделген, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 32 128 адам қатысты. 2024 жылдың ІІ тоқсандағы жағдаймен жұмыссыздық деңгейі 4,8%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1% (жоспар 3,7%), құрап отыр.
Осыған орай Шымкентте әлеуметтік көмек алушылар саны да азайған.
 Қалада бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Биыл 8 227 отбасындағы 42 866 адамға атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы дейінгі балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем 14 329 балаға төленді.
Айта кетерлік жәйт, қала халқының табысының артуына байланысты, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылар саны 30,4 пайызға азайды.

Ұқсас ақпараттар

ТАССАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫМЕН 52 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындардың нөсер жауыннан жапа шекпеуін қадағалауда қызметте жүр

smarttop

Пікір қалдыру