4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

MICS-2024 САУАЛНАМАСЫ: 24 МЫҢ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАМТИДЫ

2024 жылдың 2 қыркүйегі мен 29 қарашасы аралығында Қазақстанның 20 өңірінде MICS (Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу) аясында 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізіледі. Бұл зерттеу елдің қалалары мен ауылдарында 1000 учаскіде өтеді, олар халықаралық әдіснама бойынша арнайы таңдалып алынған.

Зерттеу сапасын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық статистика бюросының тәжірибелі қызметкерлері үшін республикалық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында интервьюерлер MICS сауалнамаларын дұрыс жүргізу бойынша қажетті білім мен дағдыларды меңгерді.

Сауалнамаға қатысу – ерікті.

Зерттеуге қатысу толықтай ерікті. Заңнамаға сәйкес, деректерді жинау үдерісіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың араласуына жол берілмейді. Интервьюерлер Бюро, ЮНИСЕФ, Азия даму банкі және БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) логотиптерімен жабдықталған киім киеді. Әрбір интервьюердің бейджінде сауалнама туралы ақпарат алуға болатын ресми веб-сайттың QR сілтемесі көрсетілген. Сауалнамаға қатысу толықтай ерікті және ақпараттың анонимдігі қатаң сақталады. Жиналған мәліметтер тек статистикалық мақсаттарда қолданылады. Респонденттер кез келген уақытта сұрақтарға жауап беруден бас тартып, сұхбатты тоқтатуға құқылы.

MICS-2024 аясында бес негізгі сауалнама түрі әзірленді:

  1. Үй шаруашылығының сауалнамасы
  2. Әйелдерге арналған сауалнама
  3. Ерлерге арналған сауалнама
  4. Бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама
  5. 5-17 жас аралығындағы балалар туралы сауалнама

Әрбір сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың маңызды аспектілерін қамтиды. Әйелдер мен ерлерге арналған сауалнамаларда жұмыспен қамту, неке, психикалық денсаулық мәселелері қарастырылса, балаларға арналған сауалнамаларда ерте даму, иммундау және балалар еңбегі тақырыптары қамтылған.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ЗЕРГЕРЛІК – МОЛ МҰРА»: ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ – САПАЛЫ РЕФОРМАЛАРДЫҢ КЕПІЛІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындардың нөсер жауыннан жапа шекпеуін қадағалауда қызметте жүр

smarttop

Пікір қалдыру