0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАДА ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері және басқа да ұйымдардың қатысуымен қала тұрғындарына газбен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жыл басынан бері үгіт-насихат жұмыстары аясында 42 көшпелі жиын, 54 мақала мен брифинг, 19 дөңгелек үстел және 53 500 дана жадынама таратылды. Бұл ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілерде тұрақты жариялануда.
Үй ішілік газ құрылғыларына қызмет көрсету мекемелерімен (ВДГО) 109 I-көмек ситуациялық орталығы арқылы интеграция жүргізілді. Тұрғындар осы орталыққа хабарласып, ВДГО қызметтері мен сыни ескертпелер туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, «КазТрансГазАймақ» АҚ арнайы видео роликтер таратуда, ал газ бақылаушылар қауіпсіздік туралы жадынамаларды үй-үйге таратуда.
Газ және газбен жабдықтау қауіпсіздігі бойынша заң талаптарын бұзу фактілері бойынша 2024 жылы 88 адам жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 1 212 822 теңгені құрады.
Осы шараға орай Шымкентте газ құбырларын жаңғырту жұмыстары қолға алынды.
Шымкент қаласындағы өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен көп қабатты үйлерді газбен жабдықтау үшін салынған газ құбырларының жаңғырту жобасы толық іске асырылды. 2022 жылдан бері өтпелі объект ретінде қаралған жобаның жалпы құны 1 204 029,23 мың теңге болды, 38 376 көлемде құбыр салынды.
Жобаның негізгі нәтижелері:
— Газ құбырларының тозу деңгейі 31,4%-дан 29%-ға дейін төмендетілді;
— Жерасты болат газ құбырларынан полиэтилен құбырларға көшу арқылы пайдалану мерзімі 35 жылдан 50 жылға дейін ұзартылды;
— Газ тарату желілерінің схемасы мен диаметрлері оңтайландырылды, тұтынудың соңғы нүктелеріндегі қысымның жоғалуы азайтылды;
— Газ құбырларының өндірістік қуаты артты;
— Жерасты және жер үсті газ құбырларын жаңарту арқылы технологиялық ысыраптар төмендеді;
— Негізгі жабдықтың сенімділігі артты;
— Тозу салдарынан авариялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі жойылды.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

smarttop

ҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚАНТТЫҢ ОРНЫН БАСАТЫН ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ӨСІРУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру