7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЕСІРТКІ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

ЕСІРТКІ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Бүгін қаламызда Шымкент қаласының Полиция департаменті мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» атты іс-шарасы өтті. Науқанға 1500-дай еріктілер, студент жастар қатысты. Аталған акцияның мақсаты – жастарға синтетикалық есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.

– Қазіргі таңда елімізде белең алған синтетикалық есірткінің әсіресе жастар арасында кең таралуы және оның алып келетін салдары мен жауапкершілігін түсіндіру біздің мақсатымыз.

Қалада 70 учаскелік полиция пунктері жұмыс істейді. Осы пунктерге 1500 ерікті жастарды бөліп, қаланың түкпір-түкпірін қалдырмай, аула, көшелерді аралап, есірткі жарнамаларын жоямыз, – деді Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Арман Бейсенбаев.

Жиын барысында мамандар тәжірибе жүзінде есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға үгіттеді. Жастар тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.

Сонымен қатар, белсенді жастар еліміздегі ең маңызды шешімдердің бірі АЭС салу, рефернедум мәселесіне де үн қосып, өздерінің өзіндік пікірілерімен бөлісіп, маңызды шешімді ел болып қабылдауға, референдум күні белсенді болуға шақырды. Ал еріктілер қаладағы есірткі тарататын жазуларды жоюмен қатар, есірткі нүктелерін анықтауға қатысып, 10000-дай үнпарақтар тарататын болды.

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады.

Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. Өкiнiштiсi сол қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.

Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпайық. Сондықтан жастар ойланайық, болшақ ұрпағымыздың өміріне балта шаппайық.

Ұқсас ақпараттар

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР ӨТТІ

smarttop

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

smarttop

ШЫМКЕНТ ЖАҢА МЕКТЕППЕН ҚУАНТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру