-4.7 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

Құтқарушы күні қарсаңында Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Жаңа өрт сөндіру депосы Сайрам тұрғын алабында салынды, ол 5 тұрғын алабы тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан бұл өрт сөндіру депосы төрт шығуға арналған. Екі қабатты өрт сөндіру депосында өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған: оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмесі, спорт және мәжіліс залы, техникалық үй-жайлар, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы және 100 метрлік кедергілері бар жолақ қарастырылған.
Жаңа өрт сөндіру депосында 50 өрт сөндіруші қызмет атқаратын болады. Аталған өрт сөндіру бөлімі заманауи өрт сөндіру техникаларымен қамтамасыз етілген.

Жаңа өрт сөндіру депосы өрт сөндірушілердің қызмет атқару және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда үшінші мегаполисті өрт қауіпсіздігімен 10 өрт сөндіру бөлімі қамтамасыз етеді.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен Тұран, Сәуле, Бозарық шағын аудандарында, сондай-ақ Елтай, Жаңаталап тұрғын алаптарында жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

10 АЙДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖЕМІС АҒАШТАРЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

smarttop

1 МАМЫР МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

smarttop

Пікір қалдыру