3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АБАЙ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ: ГАЗДАНДЫРУ МЕН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы аудандағы инфрақұрылымдық даму туралы баяндады. Әкімнің мәліметінше, қазіргі таңда аудан аумағындағы 27 елді мекенде 257,7 мың халық тұрады, олар 55 159 жеке үй және 220 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтиды. Сонымен қатар, ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан бар. Ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейі толықтай 100%-ға жеткен.

Аудандағы 23 елді мекен табиғи газбен қамтылған, бұл 85,2%-ды құрайды. Тағы 4 елді мекенде газ жүйесінің құрылысы жүргізілуде, олардың ішінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайы, Ынтымақ-2 шағын ауданы, және Тәуелсіздікке-20 жыл тұрғын алабы бар. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

27 елді мекеннің 7-еуі ғана кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылдан бері 5 ірі жобада кәріз жүйесінің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде Достық және Бозарық шағын аудандарында жұмыстар аяқталды. Құрылыс қарқыны жалғасуда: 2024 жылдың соңына дейін Тұран-А-2 тас жолы коллекторының құрылысы аяқталып, 2025 жылға қарай Шымсити-Төлеметов коллекторының құрылысы жалғасады. 2025-2026 жылдары тағы 8 елді мекенде кәріз жүйесінің құрылысын бастау жоспарланған. Нәтижесінде 2026 жылға қарай ауданның кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 55,5%-ға дейін ұлғаймақ.

Бұл көрсеткіштер ауданның инфрақұрылымдық дамуын айқын көрсетеді және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Айта кетерлік жәйт, тазалық жұмыстарының қатарында аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету де назардан тыс қалмады. Аз қамтылған отбасылар, мүгедек күтушілері, қолайсыз отбасылар, тыл ардагерлері және пробация есебінде тұрған азаматтарға демеушілер есебінен 659-дан астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ 36,6 ПАЙЫЗҒА КЕМІГЕН

smarttop

БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

Түркістан облысында 138 шетелдік әкімшілік қамауға алынып, 124 өзге елдің азаматы елден аластатылды

smarttop

Пікір қалдыру