3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатының» қосымша корпусы шамамен 1939 жылы пайдалануға берілген. Биыл сәуір айында тозығы жеткен ғимарат сүріліп, орнына жаңа білім ошағының құрылысы басталды. Қалалық құрылыс басқармасының тарапынан жүргізілген жұмыстың арқасында нысанның құрылыс-монтаждау жұмысы 6 айда толық аяқталып, пайдалануға берілуге дайын. Сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік қабылдау актісімен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңа ғимарат екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында медицина бөлмесі, оқу сыныптары, тәрбиешілер мен күзет қызметкерлерінің бөлмелері және кітапхана орналасқан. Ал, екінші қабатында жатақхана қарастырылған, мұнда 3-12 жас аралығындағы балалар оқу жылында тәулік бойы білім алады.

Қазіргі уақытта 70 балаға лайықталған негізгі ғимаратта 89 бала білім алуда. Ал, жаңа корпус ашылғаннан кейін қосымша 40 балаға арналған орын пайдалануға берілетін болады.

Ал, сол кезде “Апаттық жағдайда” деп танылған Қ.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектебінде 7 қазаннан бастап оқушылар өз ғимаратында білім алуға кірісті.

Оған себеп, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ғимаратының жағдайымен танысып, тәуелсіз сараптама жасауды тапсырған болатын. Осыған орай, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тәуелсіз сараптама жасады. 2024 жылдың 24 қыркүйегіндегі сараптама қорытындысына сәйкес, ғимарат “апаттық” деп танылған жоқ.

Дегенмен, мектеп ғимаратына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бірінші қабаттағы сынып бөлмелерінде кәріз жүйесі жарамсыз, ал қабырғалары ылғалданып, көгергені анықталды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аталған ақаулар демеушілер есебінен қайта қалпына келтірілді. Қазіргі таңда, аталған мектепті 2025-2027 жылдары күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Ұқсас ақпараттар

ШЫҢҒЫС МҰҚАН ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ — ЖАҢА БАҒЫТ ⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

smarttop

ДЕПАРТАМЕНТ 2022 ЖЫЛЫ 96 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру