Smarttop.kz

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Қала әкімі Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар коммуналдық қызметтердің жұмысы, электрмен жабдықтау, қаңғыбас иттер, автобус аялдамалары мен жол белгілерін орнату және көше жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Айта кетейік, Ауданда 29 елдімекен, 283 көпқабатты үй бар. 228 830 халық тұрады. Аудан жұртшылығы ауыз сумен 94,5 пайыз, электр жарығымен 97,3 пайыз, ал табиғи газбен 90,7 пайыз қамтылған.

Сонымен қатар, тұрғындар жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жол мен спорт алаңдарын салу, қоғамдық көлік және кәсіпкерлік нысандарының қызметіне қатысты мәселелерді де қозғады.

Кейбір мәселелер сол жерде шұғыл шешімін тапса, күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдігі мен басқарма басшыларына қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ерекше назар аударуды, сондай-ақ оларды жедел әрі тиімді шешу шараларын қабылдауды тапсырды. Барлық күш-жігер ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «Базарқақпа» тұрғын алабындағы көшпелі кездесу барысында жергілікті тұрғындардың күшімен жасалған жасыл аймақты аралап көріп, қолайлы микроклимат қалыптастыру және жайлы жағдай жасау үшін жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер жолдарын қарастырып, қоршау мен бейнебақылау камераларын орнату мәселесі бойынша жауаптыларға бірқатар міндеттер қойылды. Халыққа қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі болып саналады.

Ішкі саясат басқармасы Шымкент

Ұқсас ақпараттар

Шымкентте АЭС салу бойынша референдум басталды

smarttop

БҮГІНГІ ТАҢДА ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ 429 БАЛА ДЕМАЛЫП ҚАЙТТЫ

smarttop

ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 61 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру