4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 198,5 МЛН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылдың 9 айында айтарлықтай жұмыс атқарды. Осы кезеңде департамент 3908 өтінішті қарады, оның ішінде 3274 өтініш қанағаттандырылып, жалпы сомасы 198,5 млн теңге тұтынушыларға қайтарылған.

Сонымен қатар, 381 өтінішке қатысты тұтынушыларға түсіндірмелер беріліп, 116 өтініш басқа органдарға бағытталды. 41 өтініш иелері тарапынан кері қайтарылса, 18 талап-арыз бойынша сотқа жүгінілді, оның 9-ы бойынша оң шешім қабылданып, 3 млн теңгеден астам қаражат өндірілген.

Сондай-ақ, департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның негізінде 10-нан астам азаматтың құқықтары бұзылған екі жағдайды анықтап, олардың құқығын қорғау үшін сотқа жүгінді. Нәтижесінде 280 мың теңге тұтынушыларға қайтарылды.

Шымкентте тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша 4000-нан астам ақпараттық жұмыс жүргізіліп, кәсіпкерлер мен тұрғындарға 19 брифинг өткізілді. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жеңілдету үшін «Е-тұтынушы» ақпараттық жүйесі арқылы белсенді жұмыс атқарылды. Осы платформада тіркелген пайдаланушылар саны 5774-ке жетіп, 1206 кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Тұтынушылардың өтініштерін қарастыру мақсатында біріңғай жүйе арқылы 178 өтініш түсіп, тиісті шаралар қолданылды.

Маңызды ескерту: Шымкентте «Тұтынушыларды бақылау» атты бірнеше қоғамдық бірлестік бар екенін ескеріп, оларды департаменттің ресми өкілдерімен шатастырмауларыңызды сұраймыз. Егер осы бірлестіктер тарапынан заңсыз әрекеттер байқалса, 8 7252 53-07-04 және 8 7172 74-98-32 сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ЕКІ БОКСШЫ АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНЕ ҚАТЫСАДЫ

smarttop

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру