Smarttop.kz

Көршісінің үйінен тоңазытқыш ұрлаған жас жігітті полиция ұстады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясы көршісінің үйіне ұрлыққа түскен жас жігітті қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті жігіт көршісінің үйінде жоқ екенін алдын ала біліп, күндізгі уақытта терезе арқылы ішке кіріп, құны 150 мың теңге тұратын тоңазытқышын жасырын жымқырып кеткен. Ал ұрланған затты 8 мың теңгеге сатып жіберген.

Тәртіп сақшылары қолды болған затты тәркілеп иесіне қайтарды. Сондай-ақ полицейлер күдікке ілінген жігіттің бұдан бөлек дәл осындай пәтер ұрлығына қатысты 1 жайтын анықтады.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

МОДЕРНИЗАЦИЯДАН КЕЙІН ЗАҒИПТАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАР САНЫ 33% ҒА АРТТЫ

smarttop

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

smarttop

В Шымкенте солдаты провели интеллектуальные игры

smarttop

Пікір қалдыру