19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ 36,6 ПАЙЫЗҒА КЕМІГЕН

2022 жылдың 1 қаңтары бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 075 404 адамды құрады. Оның 433 780-і (20,9%) қалалық жерде, 1 641 624-і (79,1%) — ауылдық жерде тұрады. Республика бойынша облыс туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша 1 орында. Бұл жайында брифингте Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бағлан Қарғұлов мәлімдеді.
«2021 жылы 13 897 неке тіркелді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ға артқан. Тіркелген ажырасулар саны 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 36,6 пайызға азайды. Былтыр облыста 65 267 бала дүниеге келсе, қайтыс болғандар саны 13 560 адамды құрады», — деді Бағлан Абайбекұлы.
Бұдан өзге, өткен жылы көші-қонмен облысқа келген халықтың саны 26 822 адамды құрады, оның 26 285 – Қазақстанның басқа облыстарынан, 516 – ынтымақтастық елдерінен, 21 адам – алыс шет елдерден келгендер.

Ұқсас ақпараттар

БҰРЫНҒЫ БӨБЕКЖАЙЛАР ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ЕНЕДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР 78 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН

smarttop

ҚАЛАДА ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫН САЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУЫНДАУДА

smarttop

Пікір қалдыру