4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкентте жергілікті тұрғыннан есірткіге ұқсас зат тәркіленді

2022 жылдың 25-ақпанында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күмән тудырған «БМВ» маркалы көлікті тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде автокөліктің алдыңғы орындығында қара түсті термоқапшыққа оралған есірткіге ұқсас затты байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, табылған өсімдік тектес кептірілген хош иісті есірткіге ұқсас зат айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.

Жүргізуші Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілген. Аталған жайт бойынша жергілікті тұрғын анықталған есірткіге ұқсас затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексерілуде. Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкенттік полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, Сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

АВТОБУС ПЕН ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ АВТОДРОМ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

smarttop

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: тұрғындардың өтініші ескеріледі

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ БЮДЖЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ

smarttop

Пікір қалдыру