Smarttop.kz

Шымкент: Артқы әйнегінде Z белгісіндегі жапсырмасы бар көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Ағымдағы жылдың 2-наурызында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында С.Бәйтереков көшесінің бойында артқы әйнегінде Z белгісіндегі жапсырмасы бар көлік жүргізушісін тоқтатады. Тұрғынға бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.

Аталған жайт бойынша «Kia Soul» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Бапқа сәйкес осы құқықбұзушылық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Құрметті жолаушылар! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУҒА ЖАСТАРДЫҢ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ

smarttop

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: 1 ТАМЫЗ БЕН 30 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ АКЦИЯ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру