Smarttop.kz

Шымкент: Бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды

Ағымдағы жылдың 28 ақпаны мен 6 наурызы аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 7968 қоңырау түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды:  ұрлық, 2 бұзақылық және автокөлікті заңсыз иемдену және басқа да жайты. Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, 3229 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «ортақ пайдалану орындарын ластау» (396 жайт), ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» (68 жайт), ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «қоғамдық орындарда тиісу» (43 жайт) бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 2496 жол ережесін бұзу жайтары және 226 өзге де құқық бұзушылық анықталды.

Ұқсас ақпараттар

БАЗАРЛАРДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ, РЕТСІЗ САУДАМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТТІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

smarttop

Полицейлер екі тұрғыннан 5 000 000-ға жуық ақша алып, алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады

smarttop

Пікір қалдыру