Smarttop.kz

Шымкент: » Қадағалау» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шымкент қаласы аумағында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың жаңадан құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 2022 жылдың 10-16 наурыз аралығында “Қадағалау” профилактикалық іс-шарасы басталды.

Аталған іс-шараны ұйымдастыру үшін жергілікті ішкі істер органдарымен бірлескен жоспар құрылып, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімдерімен пробация қызметкерлерімен бірлескен тексерулер ұйымдастырылады.

Тексеру барысында пробация есебіндегі  әрбір адамның мінез-құлқына бақылау жасалып, пробация қызметінің есебінен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Өз кезегінде Шымкенттік полицейлер мұндай іс-шаралар жағдайдың жедел жақсаруына және құқық бұзушылықтардың төмендеуіне оң әсер ететінін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

“ҚАЙНАРБУЛАҚ” ПОДКЛЮЧЁН К ПРИРОДНОМУ ГАЗУ ПОСЛЕ ДОЛГИХ ОЖИДАНИЙ: РАБОТЫ ПО ГАЗИФИКАЦИИ ИДУТ ПОЛНЫМ ХОДОМ

smarttop

Цифровые привычки XXI века

smarttop

Глава государства провел совещание с акимами и руководителями государственных органов

smarttop

Пікір қалдыру