0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ «ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫН» ЖАЙДЫ

Түркістан облысындағы этнос өкілдері Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Өңірдегі «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігі мейрам қарсаңында «Достық дастарханын» жайып, ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырды. Сайрам ауданында өткен мерекелік шараға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктің мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Салтанатты жиында сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жиылған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады.
– Наурыз мерекесі – елімізде тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстыратын, Қазақстан халқын одан әрі біріктіретін ерекше мейрам. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген баталы сөзден басталатын мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше. Бүгінгі өткізіліп отырған мереке өңіріміздегі этностар бірлігін нығайтуға өз септігін тигізері сөзсіз. Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз баршамызға құтты болсын! – деді Эльмира Ұласбекқызы.
Сонымен бірге көктемнің жарқын мерекесімен Сайрам аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Амангелді Қабылбеков, Сайрам аудандық аналар кеңесінің төрайымы Үміткүл Мұратбекова да құттықтап, халқымызды ынтымаққа, бір-бірімізге қамқор болуға үндеді.
Әс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері патриоттық әндер шырқап, би билеп, мерекенің ажарын аша түсті. Мерекелік кештің соңында Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Мустафаева «Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін! Әз Наурыз берекелі болсын» деп жылы лебізін білдіріп, көпшілікке алғысын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «АШЫҚ ҮКІМЕТ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

smarttop

Пікір қалдыру