Smarttop.kz

ТАЗАЛЫҚҚА ӘРБІР АДАМ ЖАУАПТЫ

Әл-Фараби ауданында тазалық жұмыстарын қадағалау бойынша рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Кезекті тексеру жұмыстары аудандағы Қазиев, Дулати, Қазыбек би, Еркіндік, Мырзабеков көшелерінде жүргізілді. Тексеру барысында аудан әкімдігінің жауапты мамандары бекітілген экологиялық полицейлермен бірлесе құрылыс қалдықтарын көшеге шығарған 12 үй және кәсіп иесін анықтап, оларға ауызша ескерту берді.

Мұндай заңбұзушылық қайталанған жағдайда азаматтарға ҚР 505 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылатыны ескертілді. Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау бойынша тексеру жұмыстары күнделікті жүргізіліп келеді.

Тыйым салынған жерге тасталған қоқыстан жағымсыз иіс шығып, қоршаған ортаға қолайсыздық туғызатыны жасырын емес. Олай болса қоқыс мәселесіне жеңіл-желпі қарамай, тұрғындарды қоқыс тастау мәдениетін ұстануға шақырамыз!

Сонымен бірге жыл он екі ай бойы көше тазалығына жауапты мамандардың жұмысын бағалауды сұраймыз.

Ұқсас ақпараттар

SHYMKENT IT HUB» АШЫЛДЫ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 28 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 2023 ЖЫЛЫ АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ 60 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру