3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері 50-ден астам пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады

«Біздер, яғни Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт АПБ полицейлері Түркістан облысының бірнеше ауданында жасалған 50-ден астам пәтер ұрлығына қатысы бар үй ұрысын құрықтадық. Анықтауымызша, күдікті жас жігіт үйлердің пластик терезесін бұзып ашып, бөлмелердегі ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Және ұрланған бөтеннің мүлкін Шымкент қаласындағы ломбардтарға өткізіп отырған. Ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған»-деп мәлімдеді ТО ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Сахов.
Нақтырақ айтсақ, Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне түнгі уақытта ұры түсіп, шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдары мен 1 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеден асады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, пәтер тонаумен айналысқан белгісіз адамды іздеуге және ұстауға кіріскен.


Брифингте полиция подполковнигі Қ. Сахов: «Осы қылмысты ашу мақсатында, ТО ПД КПБ-ның тәжірибелі жедел уәкілдері мен қазығұрттық полицейлерден жедел-тергеу тобын құрдық. Пәтер ұрысын ұстау бағытында жан-жақты іздестіру шараларын іске асырдық. Қылмысты ашу бағытындағы арнайы іс-шаралар жүргізілді. Куәлардан жауап алынып, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстары атқарылды. Осылайша түркістандық тәртіп сақшыларының қырағылығы мен кәсіби шеберлігі нәтижесінде, күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол бұдан алдын да пәтер ұрлығымен сотталған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Яғни күдікті өзінің бұрынғы соттылығына қарамастан, қайта қылмысқа барған. Үйреніп қалған теріс әрекетін жалғастырған ұры, Түркістан облысының Қазығұрт, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандарында соңғы үш жыл, яғни 2020, 2021, 2022 жылдар аралығында 50-ден астам үйге ұрлыққа түскенін мойындады. Оңай жолмен олжалы боламын деп ойлаған күдікті, аталған аудандарға түнгі уақытта барып, ешкім жоқ үйлерге терезесін бұзып ашу арқылы кіріп отырғаны анықталып отыр. Содан тек алтын мен ақшаларды қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Айғақты зат ретінде ұрланған алтындардың бір бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Полиция күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын және оның сыбайластарының бар-жоғын анықтайды»-деп атап өтті.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға және өз үйлері мен мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

“ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ”

smarttop

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 411 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫМЕН 5 ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ КӨЗДЕЛУДЕ

smarttop

«НҰРЛЫ КӨШ» ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БАСПАНАЛАРДЫ БАНК АРҚЫЛЫ НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру