3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері қоймадан 10 миллион теңгенің киімін жымқырған жұмысшыны ұстады

Сайрам АПБ-ға киім-кешек сатумен айналысатын кәсіпкер ер адам арызданды. Жәбірленуші өз арызында, оның «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы бойында орналасқан киім-кешек сақтауға арналған қоймасынан тауарлары белгісіз жағдайда азайып, ұрланып жүргенін байқағанын жеткізді. Ер адамға келтірілген шығын көлемі шамамен 10 миллион теңгені құраған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі сайрамдық сақшылардан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәлардан жауап алынып, бейнебақылау камералары тексерілді. Жедел уәкілдер шұғыл іздестіру іс-шаралары кезінде, күдіктінің қайта қылмыс жасауға келуі мүмкін екенін алға тартып, оны құрықтауға арнайы жоспар құрды. Нәтижесінде түнгі уақытта сайрамдық сақшылар, күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Яғни күдікті қойма ішінен киім-кешекті заңсыз алып шығып, көлікке артып әкетіп жатқан жолда ұсталды. Осылайша полицейлердің қырағылығы мен шеберлігі нәтижесінде, ұрлық жасаған ер адам құрықталды. Ол Қазығұрт ауданының тұрғыны, жәбірленушінің жүк тасумен айналысатын жұмысшысы болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті басқа ауданның тұрғыны болғандықтан, Сайрам ауданындағы жұмыс орнында жатып, жұмыс істеген. Және ұрлық қылмысын бұдан алдын да 3 рет жасаған. Бірінші рет жарық сөнген уақытта бейнебақылау камералары істеймейтінін пайдаланып, 2 қап киім-кешек ұрлаған. Оны Шымкент қаласына апарып сатқан. Ал қалған кездер де бейнекамераны өшіріп қойып, өз арам ойын іске асырып жүрген. Ұрлаған жаңа киімдерді 3 миллион теңгеге сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған қылмысқа қатысты «Ұрлық» бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 71% ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

smarttop

ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ БОЛЖАМЫ

smarttop

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР — ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ БЕРІК ҚОРҒАНЫ

smarttop

Пікір қалдыру