Smarttop.kz

Түркістан облысында артық жолаушы мінген автобус анықталып, өзбекстандық жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күнделікті өз бағыттарында жұмыс атқарып, жолдарда тәртіп пен заңдылықтың сақталуын қадағалауда. Осындай кезекті тексеріс кезінде, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 749-775 шақырым аралығында, 202 бағытқа бөлінген қызмет инспекторлары полиция аға лейтенаНттары Өткір Мэлсұлы мен Жансұлтан Өтеп, «YUTONG» қоғамдық автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында автобустың ішіндегі жолаушЫ саны артық екені анықталған. Яғни автобус (спальный салон) 36 орындық болғанымен, автобус ішінде 52 жолаушылар жайғастырылған. Сондай-ақ автобус Сарыағаш ауданынан Алматы қаласына қарай бет алған.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған автобус жүргізушісі, Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» 5-бөлігі және 7-бөлігімен 2 бірдей хаттама толтырЫЛды. Одан бөлек 593-бабы 1-бөлігімен «Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды. Қоғамдық автокөлік айыптұраққа қойылды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысы ережесін мұқият сақтауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: «DARIKZ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ШЕКТІ БАҒАСЫН БІЛУГЕ БОЛАДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ТӨМЕН ТҮСІРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ТІГІН ТІГУДІ ТЕГІН ҮЙРЕНУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру