Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: 7000 жасөспірімге «Рамазан тәттісі» таратылды

ҚМДБ-ның бастамасына орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айында кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында «Рамазан тәтті» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының кішкентай бүлдіршіндерге жолдаған сәлемін жеткізіп, үлестірді. Бұл игі шара қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасады.
Айта кетсек, еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған игі шара барысында мектеп жасындағы жеті мың жасөспірімдерге түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәтті» қорабы таратылды. Қала бойынша «А.Қаттани», «Сабыржан ата», «Байғұт баба», «Әл-Біләл», «Нұр-Төбе», «Сайрам» т.б. мешітерде өткізіліп келеді.
Осы орайда, ҚМДБ-ның бастамасына қаржылай қолдау көрсеткен барша қайырымды жандарға Алла Тағала разы болсын.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУ КУРСЫН АЯҚТАҒАН 200-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖЕКЕ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУДА

smarttop

Түркістан облысының полицейлері 40-тан астам жайт бойынша іздеуде жүрген алаяқты ұстады

smarttop

«АЙНА» БАЗАРЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ✅

smarttop

Пікір қалдыру