Smarttop.kz

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ ҚҰРАМАСЫ ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ КӨШ БАСТАДЫ

Ұланбатырда (Моңғолия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресі бәсекелері аяқталды. ҚР грек-рим күресі балуандары құрлық чемпионатында 2 алтын, 5 күміс, 2 қола, жалпы тоғыз жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есепте көш бастады. Иран құрамасы екінші, Қырғызстан балуандары үздік үштікті түйіндеді.

Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласынан қос спортшы аттанған болатын. Мейіржан Шермаханбет пен Әлімхан Сыздықов қарсыластарын айқын жеңіп, чемпион атанды. Екеуі де бұған дейін күміс жүлдеге қол жеткізген.
Жарыстың екінші күнінде Мейіржан Шермаханбет (67 келі) финалда екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия ойындарының чемпионы Рю Хан Суды (Оңтүстік Корея) уақытынан бұрын жеңді. Екі балуан да жанкүйерлерге жарқын жеңіс сыйлап, әдемі күрес үлгісін көрсетті.

Ел спортшылары үшін 2022 жылдың басты бәсекесі – Қытайда өтетін Жазғы Азия ойындары. Қазіргі таңда жеңімпаз спортшыларымыз осынау бәсекеге дайындық жүргізуде. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан спортшыларға барлық жағдай жасалып отыр.
Грек-рим күресінен Азия чемпионатының жеңімпаздарына алдағы бәсекелерде сәттілік тілейміз!

Ұқсас ақпараттар

«Ел болашағы – кітап оқитын ұлт» атты іс-шара өтті

smarttop

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ТҮРКИЯЛЫҚ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру