4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындардың нөсер жауыннан жапа шекпеуін қадағалауда қызметте жүр

Кез келген жағдайда, ең алғаш көмекке келетін ол — полицей екені даусыз. Мәселен, Түркістан облысы жаңадан құрылған алғашқы жылдары болған Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы су тасқыны, Төлебидегі селді мысалға алсақ …. Осының бәрінде халықтың бас амандығын, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күшейтілген режимде қызмет атқарған тәртіп сақшылары емес пе?!

Ал өткен демалыс күндері облыстың бірқатар өңірлерінде жауын қатты жауып, ауа райының қолайсыздығы салдарынан су басты. Осы кезде де түркістандық тәртіп сақшылары, тұрғындармен бірге екендіктерін көрсетті. Яғни жергілікті тұрғындар қиналған сәтте, қолдарынан келгенше қызмет етуде. Өйткені олар әрбір тұрғынның тыныштығын қамтамасыз етуде күн-түн демейді.
Жоғарыда аталған табиғаттың тосын мінезіне байланысты Қазығұрт АПБ-нің жеке құрамы, яғни 60 қызметкер қызмет атқаруда. Бірінші кезекте жауыннан ауласын су басқан тұрғын үйлерге жетіп, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығарды. Суды қашырту жұмыстарына бір кісідей атсалысуда. Қызметтерін мінсіз атқарып, адам шығынын болдырмау мақсатында шаршамастан, тәулік бойы қызметте жүр. Мал шығыны анықталуда. Аудан аумағындағы су қоймаларының су деңгейі бірқалыпты.
Сол себепті «Полиция қызметкері – ел қорғаны» деп сеніммен айта аламыз. Түркістандық полицейлер қашанда халықтың қорғаушысы, жәрдемшісі, қамқоршысы! Сондықтан сабыр сақтап, барынша қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Қазіргі таңда аулаларын су басқан әрбір үйдің тұрғындарының амандығы үшін тиісті мекемелермен арнайы топтар құрылып, қызмет етуде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК 20 ЖАС «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

БИЫЛ 8841 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЖАЙДЫ ЖАЛДАУ АҚЫСЫ СУБСИДИЯЛАНАДЫ

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру