Smarttop.kz

Түркістандық полицейлер алаяқтық қылмысының 9 жайтына қатысы бар егде жастағы ер адамды ұстады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны жақын таныс емес ер адам алдап кеткен. Яғни алаяқ кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 585 000 теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 150 000 теңге ақша алған. Алайда арадан 1 жылдан астам уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті ер адам тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, егде жастағы ер адам оңай жолмен ақша табу мақсатында, мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 9 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Ал қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда «Алаяқтық» бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез-келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Ең бастысы күмәнді қызмет ұсынатын адамдардан сақ болыңыз. Егер де, сіз, алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, 102 телефонына хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЕКІ АЙДА 6 БҮЙРЕК АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

smarttop

АҚНИЕТ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 5 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру