8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Оқушылар жүргізушілерге хат жазып, жолда абай болуға шақырды

Баршамыз үшін бала өмірінің қауіпсіздігі ең маңыздысы. Десекте еліміздің қалаларында, ауылдарында жол апаты салдарынан кәмелетке толмағандар жарақат алып, кей сәтте өкінішке орай қаза тауып жатады. Осындай жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары жүйелі жұмыс жүргізуде.

Мәселен Кентау қаласында «Абайлаңыз балалар» іс-шарасына қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен ата-аналары қатысты.
Кездесу кезінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ата-аналар мен балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі, жолда жүру ережелерін таныстырды. Қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланатын аумақтарда ережелерді сақтауы айтылып, бағдаршамдар мен жолақтарға қарап жүру керектігі ескертілді.
Жиын соңында мектептегі жас қозғалыс инспекторлары мен білім беру ұйымдары бірлесіп, автокөлік жүргізушілеріне жадынамалар, жол тақырыбына жазылған балалар шығармаларын үлестіре отырып, «Қымбатты, жүргізуші! Жолда сақ болыңыз!» насихат акциясын ұйымдастырды. Сондай-ақ Кентау қаласына қарасты мектептер алдында жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылып, жасанды бұдырлар орнатылды. Қазіргі таңда 2 мектептің алдына белгілер қою бойынша қала әкімдігіне ұсыныстар жолданды. Полицейлер тарапынан осы секілді шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 253 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

smarttop

«ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. САЯСАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

smarttop

БИЫЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНА АРНАЛҒАН 1900 ПӘТЕР САТЫП АЛУҒА БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру