4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының бас полицейі жағдайы төмен 70 балаға қайырымдылық жасады

Қайырымдылық – мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық – мұқтаж, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.
Ал мейірімділік — жаны жомарт жайсаң адамдардың бойына бітетін асыл қасиет.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов мұндай игі бастаманың алдыңғы қатарынан көрініп, «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» демекші жақсылық жасауға асығатын жандардың бірі.
Осындай болмысынан айнымаған полиция генерал-майоры өзінің азаматтығын тағы бір дәлелдеді. Қайырымдылықтың артында елдіктің, ауызбіршіліктің нышаны барын жете түсінген М.Қабденов Рамазан айында ораза ұстағандарды ескеріп, «Түркістан» қайырымдылық қорына көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері ТО ПД бастығының атынан жағдайы төмен отбасылардағы 70 баланы азық-түлікпен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етіп, қайырымдылық жасады. «Түркістан» қайырымдылық мекемесінің төрағасы Ғалымжан Қошқарбаев Түркістан облысының бас полицейіне алғысын жаудырып, шынайы ризашылығын білдірді.
Жомарттық қанымызда бар қасиет болғандықтан еліміздің бірлігі мен татулығын сақтап қалатын ол- қайырымдылық пен ізгілік. Сондықтан жақсылық жасаудан жарысайық!

Ұқсас ақпараттар

ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ЖОБАЛАРДЫ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСЫРУҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

smarttop

15 МАМЫРДА АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІ АШЫЛАДЫ

smarttop

2023 ЖЫЛЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА 22 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру