Smarttop.kz

«ШЫМКЕНТ КОНЬКИІ — 2022» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында 03-06 мамыр аралығында «Мұз Сарайы» спорт кешенінде Конькимен мәнерлеп сырғанаудан «Балалар жылына» арналған «Шымкент конькиі — 2022» атты ашық турнирі өтуде.
Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Қызылорда, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай,Теміртау облыстарынан, сонымен қатар Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 350 — ден астам спортшылар қатысуда.

Бүгінгі турнирдің салтанаты ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары М.Исахов қатысты.

Жарыстың мақсаты — Қазақстан Республикасында конькимен мәнерлеп сырғанау спортын насихаттау және дамыту. Конькимен мәнерлеп сырғанаушылардың спорттық шеберлігін арттыру, әр жас тобындағы ең мықты спортшыларды анықтау. Конькимен мәнерлеп сырғанаудан дарынды балаларды анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ұқсас ақпараттар

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛ ФОРУМ «КАРАВАН МИЛОСЕРДИЯ» АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА.

smarttop

Қызмет барысында халыққа қызмет көрсетуді бірінші орынға қоятын майор

smarttop

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ЖӘНЕ ҰЛТ МҰРАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ»

smarttop

Пікір қалдыру