7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

Англияға жұмысқа жіберемін деп, алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Түркістан ҚПБ-ға ауыл тұрғындары арызданған. Жәбірленуші ер адамдардың айтуынша, олардың танысы Англия мемлекетіне әртүрлі жұмысқа орналастырып беремін деп, екеуінің сеніміне кірген. Жарты жыл өтіп кетсе де, өз уәдесін орындамаған. Екі жәбірленушіге 800 000 теңге шығын келтіріп, аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Полицейлердің атқарған жедел шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғыны ер адам ұсталды. Ол берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жарты жылға жуық уақыт өтсе жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Жәбірленуші ақшасын қайтару мақсатында полиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез-келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болыңыздар.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОСУ БОЙЫНША ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУ КУРСЫН АЯҚТАҒАН 200-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖЕКЕ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУДА

smarttop

Пікір қалдыру