18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР 2 БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

Шымкент қаласында 10 мамыр күні 18.45-те «112» құтқару қызметіне 4 шағынауданы Р.Қабылбеков көшесіндегі құрылысы бітпеген ғимараттың жертөлесінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару қызметіне хабарласқан зардап шеккен жас балалар екен.

Жертөледе 2011 және 2012 жылы туылған екі бала отпен ойнаған. Салдарынан өрт орын алып, жертөлені іші қара түтінге оранып, балалар сыртқа шыға алмай қалған.

Өрт орнына жедел жеткен мамандандырылған жасақтың қарауыл бастығы Р. Письменский, аға өрт сөндірушілер Б.Сихымбаев, Б.Лескен, ГТҚҚ аға шебері Ө.Қуантай тез арада қою түтінге оранған жертөлеге кіріп, талықсып жатқан балаларды дер кезінде арнайы тыныс алу аппараттарына қосып сыртқа шығарды.

Осылайша өрт сөндірушілер 2 баланың өмірін құтқарып қалды. Ал, жертөледе 6 шаршы метр қоқыс жанған.

Түтінге тұншығып, үрейленген балалармен «112» қызметкерлері үнемі хабарда болып, іс-қимылдар тәртібін түсіндіріп отырды.

Өрт сағат сағат 19.31-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 3 техника, жеке құрамнан 13 адам, апаттар медицина орталығы филиалыныңың 1 бригадасы жұмылдырылды.

Ұқсас ақпараттар

АҚТАС 2022 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ТЕГІН БАРАДЫ

smarttop

«Қарапайым заттар экономикасы»: Кәсіпкерлерге берілетін несиеге шектеу жоқ

smarttop

Пікір қалдыру