5.3 C
Шымкент
Понедельник, 2 марта, 2026
Smarttop.kz

«Джайма» атты иттің көмегімен шекарадан «гашиш» есірткісін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Нақтырақ айтсақ, өзбекстандық тұрғын өзінің басқаруындағы «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігімен ҚР-на өтерде, оған «Джайма» атты ит белгі береді. Оқиға бойынша тәртіп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жазғы аяқ-киімінен полиэтилен пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат табылды. Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «гашиш» есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, сақтау, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатындығын ескертеді. Сондықтан заңсыз әрекетке бармаңыздар!

Ұқсас ақпараттар

Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?

smarttop

Полиция мал ұрлығының алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өткізді

smarttop

Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті

smarttop

Пікір қалдыру