16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БІРІНШІ ТОҚСАНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА АӘК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

✅ Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 679 отбасыға (57 407 адам) тағайындалды.
2022 жылдың 2 тоқсаны, яғни сәуір айы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік 4 431 аз қамтамасыз етілген отбасыға (20 762 адам) тағайындалған.

Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қалалық қоғамдық кеңестің отырысында баяндады.

📍Анықтама:
АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.
Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2022 жылдың 2 тоқсанына орта есеппен 25 402,3 теңге болып белгіленді .
Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16 033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.
— 73 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.
Атап айтсақ:
— 44 тұрақты жұмыс орындарына;
— 27 қоғамдық жұмыстарға;
— 2 жастар практикасына.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен ер адамды анықтады

smarttop

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 28 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ТЕГІН БАРАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру