0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«Қорғау» бағдарламасымен 200-ге тарта жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші аптасында іске қосылған «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасымен айыппұлдарын төлемей жүрген, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер дер кезінде анықталуда.

Мәселен полицейлер жаңа бағдарлама қосылғаннан бері жол ережесін бұзған 200-ге жуық автокөлікті анықталды. Оның ішінде жалған нөмірмен жүрген «Toyota Land Cruiser» көлігі мен айыппұлы 3 миллион теңгеге жуық 30-ға тарта автокөлік бар. Ал қалған жүргізушілер жол қозғалысы ережесіне қатысты түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылды. Барлық көліктер айыптұраққа жеткізілді. Қолданысқа енгізілген бағдарламамен Түркістан ҚПБ патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық шараларды күнделікті атқаруда. Мысалы күні кеше Б.Саттарханов пен Әмір Темір көшелерінің қиылысында тұрған полицейдің планшетіне Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан Б.Саттарханов көшесінде келе жатқан есепте жоқ «ВАЗ 2104» маркалы ресейлік көлік туралы ақпарат келіп түсті. Полицей дабыл бойынша бірден әрекет етіп, көлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде ресейлік көліктің Ресей Федерациясы есебінен шығарылғаны анықталды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырылып, көлігі сол сәтте эвакуатордың көмегімен айыптұраққа қойылды.
Өздеріңіз көріп отырғандай, «Қорғау» жүйесі көлікті жалған нөмірмен басқаратын жүргізушілерді, техникалық байқаудан өтпеген немесе сақтандыру полисінсіз жүргендерді бірден анықтайды. Оларды ұстау қажеттілігі туралы ақпарат түскен бойда сол аумаққа жақын жүрген тәртіп сақшылары қолдарындағы қызметтік планшеттері арқылы апаттың алдын алу шараларын қабылдайды, жүргізушінің жүрген орны туралы мәліметті көре алады. Жалпы жол апатының санын азайту мен болдырмау мақсатында жол ережесін өрескел бұзушылардың анықталуы назардан тыс қалып жатқан жоқ.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН MICS-2024 БАСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 190 НЫСАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру