3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Екі тәулікте заңсыз жұмыс істеп жүрген 47 шетелдік анықталды

Республика көлемінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты — облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келу, кету ережелерін сақтау болып табылады. Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 47 заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының шетел азаматтарын анықтады. Енді олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы азаматтарына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН КЕҢЕЙТУДЕ ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ АУЫЗСУ БЕРІЛЕДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру