19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

Полиция қызметкерлері ұрлық жасаған дүкен сатушысын құрықтады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, өзіне тиесілі аралас заттар дүкенінен сатушысының тұрмысқа қажетті заттарды жасырын ұрлап жатқан жерінен ұстап алғанын жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келген жалпы шығын көлемі 135 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» бойынша, ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Бұл қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы бар Кентау қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған жас қыз өзіне қаражат қажет болған соң осындай қадамға барғанын айтты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға,тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

В Шымкенте запустили завод по производству керамогранита стоимостью более 25 млрд тенге

smarttop

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 11 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

smarttop

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ӘР БАҒЫТЫНА ҮН ҚОСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру