Smarttop.kz

Полицейлер мереке қарсаңында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, балмұздақ таратты

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ел президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты және «Балаларды қорғау» күніне орай орталық саябақта мерекелік шара ұйымдастырды. Шараға жалпы 100-ге жуық бала қатысты. Полицейлер балалармен бірге ойын ойнап, олардың көңілдерін көтерді. Сондай-ақ кішкентай ұл-қыздарға тегін балмұздақ таратылды. Сондай-ақ спорттық жарыстар өткізіліп, сайыста топ жарған балаларға Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдрамановтың «Алғыс хаты» мен сый-сияпаты тарту етілді. Жас достарға арналған мерекелік шара соңында полиция қызметкерлері балаларды айтулы күндерімен құттықтап, оларға бақытты балалық шақ тіледі. Өз кезегінде бүлдіршіндердің ата-аналары полиция қызметкерлерінің мерекелік тарту еткені үшін, өздерінің ризашылықтарын білдіріп, тәртіп сақшыларының жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

В ШЫМКЕНТЕ В ЭТОМ ГОДУ ОТРЕМОНТИРУЮТ 348 КМ ДОРОГ

smarttop

ШЫМКЕНТ: СЕЙСМОНЫҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҮЙЛЕР АНЫҚТАЛҒАН

smarttop

ҚҰРСАЙДА БИЫЛ 6 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру